Текст
Бүгін 5-6- сынып оқушыларымен "Тәні саудың- жаны сау" атты сынып сағаты өткізілді.Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Сабақта оқушылар шатасқан әріптер арасынан тақырыпты ашып алды,денсаулықтың қастары мен достарын анықтады,мақал- мәтелдердің мағынасын ашты.Иіс сезу ойыны арқылы көкеністер мен жемістердің иісін тауып аттарын атап шықты.Сабақ өте тартымды өтті.