"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.10.2017

Искра

орта мектебінің Тілдер онкүндігіне арналған мерекелік іс-шараның есебі

Искра орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы «Тіл

туралы» Заңның іске асырылуы туралы6-16 қыркүйек аралығында онкүндік болып

өтті.

Онкүндіктің жоспары құрылып бастауыш және орта буындар

арасында көптеген ашық сабақтар мен іс-шаралар 

өткізілді.

Өткізілетін іс-шараның

тақырыбы

Күні

Сынып

Жауаптылар

1

Онкүндіктің ашылуы

Кітап көрмесі

6.09.2017

 

Толганай Р

Гагиева М.С

Хинаят А

2

What do you know?

7.09.2017

10-11 «А,Б»

Шайкина Б.С

3

Открытыйурок

«My family»

8.09.2017

7 «А»

Абдрахманова Ж.А

4

Сынып сағаты

«Мемлекеттік тіл- менің тілім»

11.09.2017

1-11 «А,Б»

Сынып жетекшілері

5

«Ойлы болсаң, озып

көр» ойыны

12. 09. 2017

1-4 «Б»

Хинаят А

Темірбек Ж

6

«Сөз шеберлер» саяхаты

(қазақ сыныптары)

13.09.2017

5-9«А»

Толганай Р

7

«Тапқыр достар» ойыны

14.09.2017

1-4 «А»

Табатаева А.Қ

Темірбек Ж

8

«Сөз шеберлер» саяхаты

(орыс

сыныптары)

15.09.2017

5-8«Б»

Толганай Р

Хинаят А

Сатырова Ж.А

9

«Ой және ойын»

Интеллектуалдық сайысы

16.09.2017

Мұғалімдер арасында

Тіл мамандары

10

Онкүндіктің жабылуы

(марапаттау)

18.09.2017

 

Тіл мамандары

    

 Бастауыш орыс сыныптар арасында «Ойлы

болсаң, озып көр» сайыс өтті.Сайыстың мақсаты оқушылардың тілдік қорын

байыту,ойлау қабілеттерін дамыту.Сайысқа 3 топ қатысып,ойын түрінде өткізілді.1

сайыс «дұрыс, бұрыс» жауабымен қазақ тілінің грамматикасы бойынша білімдері

сыналды. 2 кезең «ойлан тап» кезеңінде 

сөз және сөйлем туралы сұрақтарға жауап берілді.3  кезең «Артығын тап» мұнда оқушылар сөздердің

жуан жіңішкесін айырып қорапшаларға салып отырды. Сайыс өте қызықты

өтті.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп,жеңіске ұмтылыстары керемет болды.Сайыс

жеңімпазы «Қазақстан» тобы атанды. «Астана» және «Алматы» топтары екінші,

үшінші орынды қанағат тұтты.

Қазақ бастауыш сыныптар арасында «Тапқыр достар» сайысы өткізілді. Мақсаты:  Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.Қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу,белсенділігін дамыту.Сайысқа «Қыран» және «Бәйтерек» топтары қатысты.

Бірінші айналым «Ұшқыр ой» кезеңінде әр топқа бес сөз орыс тілінде берілді.

Берілген сөздердің қазақша және ағылшынша аудармаларын тауып айтты. 2 кезеі

«Құпия сандық» мұнда жұмбақтар жасырылды. 3 кезең «Ойлан тап» берілген өлеңдер

үзіндісінің авторы мен өлең атауын тауып, мағынасын өз сөздерімен жеткізді. 4 кезең

«Мақалдарды толықтыр» ,5 кезең «Сөз тапқыш» берілген сөздегі әріптерді

пайдаланып жаңа сөздер құрастырды. Сайыстың жеңімпазы «Қыран» тобы . Барлық

қатысушылар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

13-15 қыркүйек күніқазақ және орыс сыныптар арасында «Сөз шеберлері»  атты саяхат өтті. Сайыста оқушылар «Ертегілер әлемі», «Мақал- мәтелдер» , «Мәнерлеп оқу», «Көркем сөз шеберлері», «Сұрақ- жауап»

аялдамаларына келіп өз білімдерін сынады. Әр кезеңдегі аялдамаларға арналған тапсырмалар орындау қажет. Мыс:

«Ертегілер әлемі» аялдамасында оқушылар кез келген ертегіні әңгімелеп беру

болса. «Мәнерлеп оқу» аялдамасында берілген өлеңдң нақшына келтіріп мәнерлеп

оқып беру болса, «Мақал- мәтелдер » аялдамасында конвертке салынған мақалдарды

дұрыс құрастыру, «Көркем сөз шеберлері» аялдамасында берілген прозпны сахыналау

еді.Сайыс өте тартымды өтті. Оқушылар ерекше қызығушылық танытып аялдамаларға

шапшаң кіріп тапсырмаларды орындауға асығыс танытты. Сайыс екі жарым сағат

уақытқа созылды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып мақтау қағаздарымен

марапатталды.Атап өтетін болсақ қазақ сыныптар арасында 9 «А» сынып I орын, 6-8

«А» сынып II орын, III орын 5 сынып қанағат тұтты.Орыс сыныптарда I орын  7 «Б» сынып, II орын 6 «Б», III орын 5 «Б»сынып.

Қыркүйектің 16 күні мұғалімдердің қатысуымен «Ой және ойын» атты

интеллектуалдық сайыс өтті. Мақсаты: Ұстаздардың тілге деген көзқарастарын және

сөйлеу тілдік қорларын арттыру.Ойын арқылы өз ойларын

жеткізуге,еркін қазақ тілінде сөйлеуге, тілді құрметтеуге үйрету.

Сайысқа екі топ қатысты. 1 топ «Болашақ», 2 топ«Бірлік». Сайыс 3 кезеңнен

тұрады. 1 кезең «Көп сөйлеме»,  2 кезең

«Сурет сөйлейді», 3 кезең  «Сандар

сөйлейді». Сайыс өте жоғары дәрежеде өтті.Сайыста екі топ бір- бірінен қалыс

қалмай, берілген тапсырмаларды өте тез, үлкен қызығушылықпен орындады. Ең

қызықты кезең ол «Көп сөйлеме» кезеңі болды. Бұл кезеңде мұғалімдер берілген

тапсырманы қимыл іс- әрекетпен топ басшысы көрсетіп түсіндірді. Топ ол заттың

не екенін анықтап, тауып  сөзбен айтып

берді. Сайыс жеңімпазы «Болашақ» тобы атанды.Сайыстың ұнағаны соншалықты

ұстаздар қауымы атынан алғыс айтылып, келешекте осындай сайыстардың жиі

өткізілуін өтінді.

    Жалпы онкүндікте  тіл мамандары құрған жоспар түгел қамтылып,

мақсатына жетті.

Просмотров: 746

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст