Текст
Жанартылған бағдарлама бойынша 7-8 «Б» сыныптарда ашық сабақты Мусафирова Ж.У. өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары. Демографиялық көрсеткіштері мен демографиялық жағдай». Ашық сабақта оқушылар тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбын аша білді. Топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады. Бейнетақтадан «Жердің халықтары қалай өсті?» атты материал усынды. Кестемен жұмыс, кластер жасау, термин сөздермен жұмыс жасады. Соңында рефлексия сауалнама түрінде өтті. Сабақ жақсы және қызықты болды.