Мен + Сен = Біз. Біздің қызығушылықтарымыз достықты нығайтады!

25.11.2026

🤝 Мен + Сен = Біз. Біздің қызығушылықтарымыз достықты нығайтады!

2–3 «Б» сыныбында буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді.

Оқушылар «Достық жібі» жаттығуынан бастады. Достық пен өзара құрмет туралы әңгімелесіп, жұппен және топпен жұмыс істеді, мақал-мәтелдерді шешіп, жағдаяттарды талқылады.

«Ара мен шыбын» мультфильмін тамашалап, достық туралы ән орындады, топпен ертегі құрастырды. Сабақ соңында мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қайталады.

💛 Сабақтың түйіні: достық мейірімділіктен, құрмет пен қамқорлықтан басталады. Бірлігіміз жарасқан сынып болайық!

 

Просмотров: 4


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу