«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбындағы аудандық семинар
13.11.2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбындағы аудандық семинар
2026 жылғы 12 қарашада Ақкөл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің бастамасымен Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинар аясында Ақкөл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шотыбаева Айгүл Амангелдіқызы 6 «А» сыныбында Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты, мазмұнды әрі танымды болды. Оқу үдерісі заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылып, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.Сонымен қатар Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толғанай Роза 6 «А» сыныбында «Астана – әсем қала» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында педагог оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөліп, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Жасанды интеллект құралдарын мұғалімнің заманауи көмекшісі ретінде қолдану сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуіне мүмкіндік берді.Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даутбаева Бақытгүл Қабдуллаевна 8 «Б» сыныбында «Досы көпті жау алмайды» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Семинардың екінші бөлімінде тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.Азат ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлеген Қуаныш «Мен өз сабақтарымда жасанды интеллектіні (ЖИ) қалай қолданамын?» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ-нің шет тілі пәнінің мұғалімі Сабыр Аян Русланұлы мен бастауыш сынып мұғалімі Бауыржанқызы Айгерім «Жасанды интеллект – заманауи мұғалімнің көмекшісі» тақырыбында бірлескен шеберлік сабағын ұйымдастырды.Ашық сабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізген педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестеріне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсетті.Семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Абдрахманова Ботакөз Олжабайқызы «2024–2026 жылдар аралығындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетістіктері және жұмыс жоспарының орындалуына талдау-мониторинг» тақырыбында баяндама жасады.Аудандық семинар жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін жетілдіруге және білім берудегі заманауи тәсілдермен танысуға мүмкіндік алды.
Семинар жұмысына белсенді қатысқан педагогтерге Ақкөл ауданының білім бөлімінің басшысы атынан сертификаттар табысталды.Іс-шара соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Абдрахманова Жанар Аманжолқызы семинарға қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, әріптестеріне шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жемісті еңбек тіледі.