Сынып сағаты.

12.11.2026

«Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 6–7 «Б» сыныбында жыл сайын 15 қарашада атап өтілетін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге күніне арналған сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың ұлттық валютаның пайда болу тарихы, оның Қазақстан экономикасы мен тәуелсіздігі үшін маңызы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке, қаржылық сауаттылыққа және ақшаны ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар теңгенің айналымға енгізілу тарихымен танысып, ұлттық валюта туралы қызықты мәліметтер алды, банкноттар мен монеталардың суреттерін қарастырды. Оқушылар тақырыптық презентацияны тамашалап, викторина сұрақтарына жауап беріп, талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шара оқушылардың Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері мен құндылықтарына деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу