Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайында жалпы білім беру ұйымында оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

06.11.2026

Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайында жалпыбілім беру ұйымында    оқу процессін ұйымдастырутәртібі

Қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайында  жалпы білім беру ұйымында    оқу процесін ұйымдастыру «Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына, Ақмола облысы білім басқармасының басшысымен бекітілген Ақмола облысының білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту режиміне көшу кезінде  қолайсыз ауа райы метеожағдайларында  ұсынылатын көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

Білім беру ұйымы қолайсыз ауа райының метеожағдайлары бойынша  ата-аналар мен білім алушыларға уақытында хабарлау мақсатында  жауапты тұлға тағайындайды. 

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

- бірінші ауысым үшін - сағат 6.45–8.00-ге дейін; 
- екінші және үшінші ауысым үшін - сағат 11.15–13.00-ге дейін.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайлары бойынша оқу процессі онлайн форматқа ауыстырылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

- 1-4 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 27°С;
- 1-9 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 30°С;
- 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сыртқы ауа температурасы – 35°С жәнеодан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және оданжоғары болғанда:

- 1-4 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 25°С;
- 1-9 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 27°С;
- 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сыртқы ауа температурасы – 30°С жәнеодан төмен.

 

Қатты көктайғақ кезінде:

- желдің жылдамдығы секундына 6-7 метр болғанда, 1-4 сынып

оқушылары үшін сабақ өткізуі тоқтатылады;

- желдің жылдамдығы секундына 8-9 метр болғанда, 1-9 сынып

оқушылары үшін сабақ өткізуі тоқтатылады;

- желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары

болғанда, 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін.

Боран күшейіп, жолдың көрінуі нашарлаған жағдайда, 1-11 оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін оқу процессі онлайн форматқа ауыстырылады.

Просмотров: 9

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу