«Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өтті.

16.09.2026

1–2 «Б» сыныбында «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сабақ барысында оқушылар өздерінің жақындары мен  отбасылық дәстүрлері және қызығушылықтары туралы сөз қозғады. Іс-шара барысында балалар туған-туыстарын жақсы көрудің, құрметтеудің, бір-біріне қамқорлық танытудың және бірге өткізген уақытты бағалаудың маңыздылығын түсінді. Сынып сағаты мейірім мен өзара сыйластыққа толы, жайлы әрі ынтымақты ортада ұйымдастырылды.

Просмотров: 163


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу