"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шебер қолдар

20.03.2026

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Шебер қолдар», «Бес аспап», «Алтын оймақ» атты шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушыларды халықтық қолөнермен, ұлттық тағам дайындау дәстүрімен және шығармашылық өнер түрлерімен таныстыру.
Шара барысында оқушылар кесте тігу, көрпе тігу, қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу сияқты өнер түрлерін үйреніп, өз қабілеттерін көрсетеді. Сонымен қатар ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сағаттары өткізіліп, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі кеңінен таныстырылады.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбекке баулуға, ұлттық мұраны құрметтеуге және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Просмотров: 27


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст