Мен қазақ тілін білемін

19.03.2026

1–4 «Б» сыныптары арасында «Мен қазақ тілін білемін» атты конкурс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін анықтау және тілге деген құрметті қалыптастыру.

Конкурс барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсетті, белсенділік танытты.
Нәтижесінде 2 «Б» және 4 «Б» сыныптары жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Осындай білімді ұрпақ – еліміздің болашағы 🇰🇿

Ұйымдастырушы: оқытушы Бауыржан Айгерим 🖤

Просмотров: 974


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу