"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі мазасыздық деңгейін анықтау

17.03.2026

5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі мазасыздық деңгейін анықтау
2026 жылғы 16 наурыз күні мектептің педагог-психологы 5-сынып оқушылары арасында бейімделу кезеңіндегі мазасыздық деңгейін анықтауға арналған қайта өткізілген экспресс-әдістемені жүргізді.
Диагностиканың мақсаты: 5-сынып оқушыларының мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау, сондай-ақ олардың орта буынға көшу кезеңіндегі бейімделу ерекшеліктерін бақылау.
Зерттеу барысында оқушылар эмоционалдық жағдайын, мазасыздық деңгейін және 5-сыныпқа бейімделу барысында туындауы мүмкін қиындықтарды анықтауға бағытталған диагностикалық тапсырмаларды орындады.
Қайта жүргізілген диагностика педагог-психологқа алынған нәтижелерді алдыңғы көрсеткіштермен салыстыруға, бейімделу процесінің динамикасын анықтауға және эмоционалдық кернеуі жоғары оқушыларға уақтылы психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Диагностика қорытындысы бойынша сынып жетекшілеріне және ата-аналарға 5-сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуіне, мазасыздық деңгейін төмендетуге және олардың эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға бағытталған ұсыныстар беріледі.
5-сынып оқушыларын бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст