Текст
27.02.2026
«Керемет жетілік» атты математика-физика бағытындағы сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті. Сайысқа «Жеті жұлдыз» және «Жеті қазына» топтары қатысып, жеті белестен тұратын сынақтардан өтті. Оқушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, танграм құрастыру және планерлер ұшыру арқылы өздерінің инженерлік қабілеттерін көрсетті. Ойын шарты бойынша «Интеллект-карта» пазлын түгел жинаған топ жеңімпаз атанды. Шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды ұйымшылдыққа тәрбиеледі.
Математика және физика пәнінің мұғалімі: Калиева Ж. А.