21.01.2026
8 «Б» сыныбында тарих пәнінің мұғалімі Недопёкина С.Ф. Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы индустрияландыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі форматта жұмыс жасады: жеке, жұппен және топпен. Сабақтың басында білімді өзектендіру жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар индустрияландырудың оң және теріс салдарын анықтап, ситуациялық тапсырманы талдап, оны шешу жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ оқушылардың дайындық деңгейін ескеретін сараланған тапсырмалар берілді.
Сабақ соңында Padlet тақтасы арқылы рефлексия және өзін-өзі бағалау жүргізілді, кері байланыс берілді.
Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, бірлесіп, саналы түрде жұмыс жасады.