"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық валюта – Теңге күні

10.11.2025

1 «А» сыныбында «Ұлттық валюта – Теңге күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы түсінік беру, оны құрметтеуге, елінің экономикалық тәуелсіздігін бағалауға және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу болды.

Сабақ барысында оқушылар ұлттық валютаның тарихымен, оның шығу тарихы мен алғашқы үлгілерімен танысты. Мұғалім теңгенің ел өміріндегі маңызы туралы бейнеролик көрсетіп, балаларға түрлі сұрақтар қойды.

Оқушылар «Теңге – елімнің қазынасы» атты шығармашылық тапсырмалар орындап, теңге суретін салып, өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыс кезінде балалар теңгенің сыртқы белгілерін сипаттап, ақшаны ұқыпты ұстау мен еңбекпен табудың маңызын талқылады.

Сынып сағаты жылы әрі белсенді атмосферада өтті. Соңында оқушылар:
«Біз Ұлттық валютаны құрметтейміз!» – деген ұран айтып, елдің басты құндылығы – тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылық екенін атап өтті.

Просмотров: 378

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст