30.10.2025
О.М. Дьяченконың «Фигураларды толықтыру» әдістемесі
Педагог-психолог 0 «Б» сынып оқушыларымен О.М. Дьяченконың «Фигураларды толықтыру» әдістемесі бойынша диагностикалық жұмыс жүргізді.
Мақсаты:
Балалардың қиялын (елестету қабілетін) және ұсақ моторикасын анықтау, дамыту деңгейін бағалау.
Міндеттері:
Балалардың берілген пішіндерді шығармашылық тұрғыда түрлендіру қабілетін анықтау;
Қиялды, зейінді және қол қимылының үйлесімділігін дамыту;
Әр баланың жеке ерекшелігі мен қиялын көрсетуіне жағдай жасау;
Сурет салу дағдыларының қалыптасу деңгейін диагностикалау.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен және ынтамен орындап, өздерінің қиялын, шығармашылық қабілетін және дербестігін көрсетті. Алынған нәтижелер педагог-психологқа оқушылармен ары қарайғы жеке және дамыту жұмыстарының бағытын жоспарлауға мүмкіндік береді.