Бүгін 10Б сыныбында алгебра сабағы TopIQ платформа бойынша өткізілді. Сабақтың тақырыбы. «Функциялар және олардың графиктері.»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың функциялар, анықтау саласы және мәндер саласы, функция графигі туралы білімдерін жалпылау және жүйелеу.
Функция графиктерін геометриялық түрлендіру әдістерімен танысты. Функцияны сызып, қасиеттерін қайталады. Тригонометриялық функциялардың дайын сызбаларына сәйкес оның түрі анықталды..
TopIQ-бұл математиканы оқытуды қызықты, қолжетімді және тиімді етуге көмектесетін заманауи және қуатты құрал, сонымен қатар оқытуды икемді, қызықты және интернет пен гаджеттер ажырамас бөлігі болып табылатын заманауи мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне сәйкес етуге мүмкіндік береді