Текст
06.10.2025
Сынып: 1 “А”
Тақырыбы: «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»
Мақсаты:
* Оқушыларға қарияларды құрметтеу, үлкенге ізет көрсету туралы түсінік беру.
* Ізеттілікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
* Ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылығын дәріптеу.
Сипаттамасы:
Сынып сағаты барысында оқушылар үлкендерді сыйлау, ата-әжелердің отбасы мен қоғамдағы орны туралы әңгімелеседі. Балалар өз ата-әжелері туралы әңгімелер айтып, суреттерін көрсетеді. «Қария – қазына» атты көрініс қойылып, мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқылады. Сабақ соңында оқушылар қарияларға арнап тілек жазып, шығармашылық жұмыстарын ұсынады.