Қарттарым-асыл қазынам
03.10.2025
" Қарттарым-асыл қазынам"
Өткізу мақсаты:
Оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, қарттарға қамқор болуға тәрбиелеу;
Қарттар күні мерекесінің маңызын түсіндіру;
Ізгілік, мейірімділік, сыйластық сезімдерін қалыптастыру.
Өткізілу барысы:
Сынып сағаты өткізілді. Алдымен мұғалім Қарттар күнінің тарихы мен маңызы туралы қысқаша мәлімет берді.
Оқушылар қарттарға арналған өлеңдер оқып, шағын көрініс қойды. Әжелер мен аталардың еңбегі, даналығы туралы мақал-мәтелдер айтылды.
Балалар «Қарттар – біздің қазынамыз» тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, ата-әжелеріне арнаған жылы лебіздерін жеткізді.
Қорытынды:
Сынып сағаты оқушыларға үлкенді сыйлау, құрметтеу қажеттігін ұғындырды. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, тартымды өтті. Балалар қарттарға қамқор болудың әр адамның парызы екенін түсінді.
Жауапты мұғалім: Б.К.Даутбаева
Қосымшалар:
- 1 - 0f8cf169_1e9a_41be_a062_18f456640c1d.jfif 41.95 Kb
- 2 - 0fc7c14a_717d_49f7_8616_3c94c5ea5d43.jfif 83.17 Kb