Текст
01.10.2025
01.10. 2025 жыл
Бүгін 9 «Б» сыныбында «Старшие – опора страны, сердце поколения» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға аға буын өкілдерінің ел өміріндегі, қоғамдағы орны мен рөлі түсіндірілді. Ұстаздары мен ата-аналарының еңбегін бағалау, үлкенді сыйлау, олардың ақыл-кеңесіне құлақ асу – әрбір жастың парызы екені айтылды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, отбасы, қоғам және ел болашағы үшін аға ұрпақтың еңбегі мен үлгісінің маңызын талқылады. Әңгімелесу барысында үлкендерді құрметтеу дәстүрін жалғастыру – қазіргі жас ұрпақтың міндеті екені ерекше атап өтілді.