29.09.2025
«7А» сыныбында Қазақ-жоңғар шайқастары тақырыбында сабақ өткізілді
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Қазақ-жоңғар шайқастарының тарихи маңызын, себептерін, негізгі оқиғаларын және оның нәтижелерін түсіндіру. Жоңғар шапқыншылығының Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына әсерін көрсету.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларға талдау жасау дағдыларын дамыту, олардың ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
- Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға туған жерін, ұлттық тарихын құрметтеуді, батырлардың ерлігін ұмытпай, олардың үлгісімен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларға қазақ-жоңғар шайқастарының маңызын түсіндіру, тарихи фактілер мен батырлардың ерліктерін талқылау арқылы патриоттық сезім қалыптастыру көзделеді.