Текст
Сынып: 1 “А”
Тақырыбы: «Көше күтпеген оқиғаларға толы / Ана – отбасының шамшырағы»
Мақсаты:
• Оқушыларға жол жүру ережелерін үйрету, көшеде қауіпсіз жүріп-тұруға тәрбиелеу.
• Ана мен отбасы құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру, ананы құрметтеуге баулу.
Сипаттамасы:
Сынып сағатында екі бағытта әңгіме жүргізіледі. Алдымен балалар жол қауіпсіздігі ережелерімен танысып, жол белгілерін талқылайды, көшедегі түрлі жағдайларды сурет арқылы шешеді. Қауіпсіздікке байланысты шағын ойындар ойнатылады.
Келесі бөлімде оқушылар ананың отбасыдағы орны туралы ой бөліседі, аналарына арнап өлеңдер оқиды, шағын көріністер қояды. Балалар суреттер мен шығармашылық жұмыстар арқылы анаға деген сүйіспеншілігін білдіреді