Текст
29.01.2025 жылы тарих пәнінің мұғалімі С. Ф. Недопекина 7"Б" сыныбында "XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік - аумақтық реформалар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылармен 1867-1868 жылдардағы Қазақстанда Ресей империясы тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған маңызды әкімшілік өзгерістер болған кездегі негізгі оқиғалар егжей-тегжейлі талданды. Сабақ барысында оқушылар жұппен, жеке, топта жұмыс істеді. Оқушылар белсенділік танытты, сұрақтарға жауап берді, схема, кластер, ақыл - ой картасын жасады, реформалардың жергілікті тұрғындар үшін салдарын талдады. Сабақ қызықты өтті.